АНАМА!!!
Өзіңді тек жақсы көрем,
Өмірге әкелдің, тәрбиеледің.
Өмірдің бар қызығын
Маған бердің анашым.
Әрқашан сен қасымда
Жүрші мені қолдап,
Өмірдің бар тәттісін
Сыйладың сен маған.
Саған алғыс айтам.
Ауырса менің бір жерім,
Тыным таппай емдейсің,
Құдайдан бір нәрсе сұрарым:
Ананы баладан айырмашы – деп,
Жанарынан күлкі кетпесін.
Әрқашан қуанып жүре берші,
Аяулым, ардағым, қуанышым,
Ең қымбат жан – АНАШЫМ !
Авторы: Айсұлтанова Арайлым, 8а сынып
ОТАНЫМ МЕНІҢ
Менің ыстық мекенім,
Отаным менің ,
Туып – өскен туған жер.
Маған ыстық мекенім,
Алғысымды білдіремін
Әрқашанда мен саған,
Өлеңімді саған арнаймын.
Отаны ыстық бәріне,
Туған жерім- Талдысай,
Өркендей бер, өсе бер,
Жас ауылым – ТАЛДЫСАЙ
Авторы: Айсұлтанова Арайлым, 8а сынып
Ақылды ана
Ақжарқын ана
Өмірлік маған
Өзінсің пана
Сен үшін мәңгі
Шырқайын әнді
Амансау жүрші
Анашым мәңгі
Құшағың қорған
Шуаққа толған
Жоқ сендей жақын
Жанашыр болған
Авторы: Картжанова Жансая, 8а сынып
СЕЗІМ
Ақ таң атып келеді көк жиектен,
Айнала бөленеді түгел күнмен.
Таңның самал желі есіп,
Жүрегім дүрсілдеумен келемін мен.
Айнала жайқалады көкке қарап,
Күн шығып мейірлене күлді маған.
Жаралы жүрегімді жібіткендей,
Туған жер, сенің асыл ақ таңдарың.
Сүйемін туған жер бір өзіңді,
Қорғауға ант етемін мәңгі сені.
Мынау бір байтақ дала алқабына,
Басқызбаспын тірі болсам бір де жауды.
Авторы: Денесен Жазира, 9а класс
Ауылым!
Талдысайым, тербеледі жанарымда,
Бақытым, бар қызығым осы ауылымда.
Сағынамын өзіңнен алыс кетсем,
Келбетің қашан-дағы көз алдымда.
Әлия мен Қобданы бөліп тұрсың,
Таза ауа, табиғатыңмен шолып тұрсың.
Жайнай түс, гүлдене бер, туған ауылым,
Табиғатыңмен сен маған ұнап тұрсың!
Сүйемін, тау-тасың мен салаңды,
Әдемі Талдысай деген суыңды.
Ырысалды деген есіміммен.
Әрқашан сәбимін мен бауырыңда!
Авторы: Жумажанова Ырсалды, 8а сынып
Жеңгеме!
Жеңгем менін, арқа сүйер тірегім,
Кеңес сұрап, сеніп сізге келемін.
Денсаулығың мықты болып, қуанып
Жүрсінші деп әр уақытта тіледім.
Мінезің бар оттай жанып тез сөнетін,
Сол мінезді тәтем жақсы білетін.
Меніменен жас балаша қалжыңдайсың, күлесің,
Отбасыңнын сәні менен жылуы боп келесің.
Қиналғанда, кеңес сұрар досымсыңда,
Дұрыс жолды айта білген ақылшымда.
Тіл табыса білдік біз әр уақытта,
Демеп жүрдің мені ылғи қиындықта.
Сенетінім бір АЛЛА, ал ақылшым сен менің,
Сен болмасаң кімге жылап, күлемін?
Жақсы жеңге, асыл ана, адал жарсың көңіл толар,
Сен болмасаң арамызда, орыныңды кім толтырар?
Білгеніңді үйреттің, жалықпадың айтуға,
Екеумізді дос қылған ризамын мен АЛЛАҒА.
Мінезімді көтердің, ұрыстың да, сынадың,
Маған ылғи көзің тоймай қарадың.
Айналайын, дәл осындай жеңгетайдың барына,
Ризамын мен сізді туған анаңа.
Қиындыққа төзе білдің мойымадың,
Қалай ғана жеңгемнен айналмайын.
Ұзын сөздің қысқасын енді айтайын,
Денсаулығың мықты болсын деп қалаймын.
Жандос пенен ағамның ортасында,
Әр уақытта тек жадырап жүз жаса,
Шөбереңнін қолынан шәй ішкізсін бір алла!
Менің де қызығымды көруге сені жеткізсін
Отбасыңа құт береке, қуаныш пен бақ берсін!!!
Игі тілекпен: Жақсылықова Айжан.
Ұстаз
Ұстаз берген ұлағат,
Тұр санама ұялап.
Үйренемін ұстаздан,
Білетінді сұрап ап.
Ұстаз
Мінезі гүл жайнаған,
Білімі бойда қайнаған.
Береді терең білім көп,
Үйретуден шаршамай.
Еңбегі ерен ұстазды
Қайтсемде бақытты етемін.
Қазақстаным
Қазақстаным – алтын ордам еңселі,
Қазақстан – ғажап өмір байтағы.
Қазақстан – өз Отаным,қорғаным,
Қазақстан – таусылмайтын жыр әні.
Анашым
Жүресің мәңгі қасымда,
Балаларыңда қасыңда.
Өмірдің заңы осы ма?
Ақ түсіпті шашыңа.
Аяулы ана
Жүрегі қайырымды,
Кешетін айыбымды.
Мен үшін бас иетін,
Бар сенің қасиетің.
Игі тілекпен: Жалкенова Дамира
Ағаларым
Өмірдегі асылым ағаларым
Қарындастай бағалар сіздерді бағалар кім?
«Ағасы бардың жағасы бар» дегендей,
Алдымда аман жүргей жағаларым.
Сіздер барда мәртебем биік менің,
Арманыммен алысқа биіктедім.
Сіздер барда жалғайтын әке жолын
Таңдарым да қарсы алады күліп менің.
Мен үшін орны бөлек бұл өмірде,
Сақталады сөздерің жүрегімде.
«Қыз тілекші»-деген ғой атам қазақ,
Қарындастың тілегі бір сіздерге.
Сіздерді әрқашанда бағалаймын,
Қолдан келген көмекті аямаймын,
Басымды иіп,сыйлаймын өздерінді,
Шет жүрсем де,іздеріңді жағалаймын!
Измуханова Жулдыз Заруқызы
11 сынып оқушысы
Амина Абилкаирова
Танец цветов
Как – то мне зимой приснился удивительный из снов:
Я была волшебной феей в сказочной стране цветов.
Я как бабочка порхала среди множества цветов
И палочкой волшебной творила волшебство.
Звучала тихо музыка. Светало. Был восход.
Ромашки с васильками кружили хоровод.
Их поддержала роза и закружилась в такт,
И в воздухе разлился прекрасный аромат.
От палочки волшебной проснулся георгин
И в вальсе безмятежном затанцевал жасмин.
И от цветов танцующих сверкало всё кругом
Но мне пришлось проснуться от вьюги за окном.
Желтоқсанда соққан жүрек
Желтоқсанда елім деп соққан жүрегі,
Тәуелсіздік алсақ деген тілегі.
Енсесі биік ел болам деп талпынған,
Өр мінезді қазағымның жастары.
Ардың туын,елдің туын жұқпады,
Желтоқсанды бүкіл жастар құптады.
Елі үшін құрбан болған жастарды,
Бүгінгі ұрпақ құрметпен еске алады.
Орындалды Қайрат,Ләззат арманы,
Болашақтың жарқын атар таңдары.
Тәуелсіздік туы ешқашан құламас,
Қазағымның аман болса жастары.
Туған жер
Туған жерім,туып өскен еліміз,
Ақын туған,батыр туған жеріміз.
Қанға сіңген ар-намыс пен кегіміз,
Көк бөрілі қазақ біздің тегіміз.
Туған жерді мақтан етем,мақтан етем
Тарих жолын мәңгіге сақтап өтем.
Сан халықты құшақ жая қарсы алған,
Қонаққа жай,кең ғой біздің жеріміз.
Туған жерім ыстық маған әрқашан,
Байтақ далам,өзен-көлім,кең далам.
Жылдан жылға жәйнай берші құлпырып
Туған жерім,ұлылармен бағы асқан.
Игілік Қарақат
11сынып





